Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Қарағанды металлургия комбинатының 50 жылдығымен құттықтады

;АСТАНА. Маусымның 30-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев минералдық ресурстар мен металлургия саласындағы бірінші қазақстандық халықаралық "ААМ 2010" конгресі барысында қазақстандықтарды Қарағанды металлургиялық комбинатының 50 жылдығымен құттықтады.
None
None

Конгресте Қазақстан Магниткасы аталып кеткен Қарағанды металлургия комбинатының 1960 жылдың шілде айының 2-сі күні іске қосылғандығын атап өткен Президент; «Бұл біз үшін үлкен мейрам. Сондықтан мен барлық қазақстандықтарды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын», деді.

Сондай-ақ бүгінгідей алқалы жиынның осындай мереке тұсында өтіп жатқанына қуанышты екендігін жеткізген Мемлекет басшысы; «Бүгін біз дағдарыстың салдарын қорытындылауға жақсы мүмкіндік алып отырмыз. Дағдарыс жылдарында әлемдік тау-кен металлургия саласы қатты зардап шекті. 2008 жылы рецессияның шарықтау шегіне жеткен шағында әлемнің ең ірі деген 40 компаниясының жалпы капиталы 64 пайызға кеміді. Ал Қазақстанда біз оған жол берген жоқпыз. Елде жұмыс істеп жатқан компаниялар озық инвестициялық жобаларды жалғастырып, жұмыс орындары мен өндіріс көлемінің кемуіне жол берген жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар қазір баршаға аян», деп атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар