Мемлекет басшысы Қазақстанның бірқатар елдегі елшілерін тағайындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен Қазақстан Республикасының Бразилия, Өзбекстан, Тәжікстан, Армения және Финляндия Республикаларындағы Төтенше және Өкілетті Елшілері тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;

Ерік Мылтықбайұлы Өтембаев Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды;

Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;

Тимур Бейбітәліұлы Оразаев Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуов Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар
telegram