18:59, 11 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Мемлекет Басшысы «Қазақтүрікмұнай» компаниясының қызметкерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақтүрікмұнай» компаниясының қызметкерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады.

Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҚР Президенті ұжымға құттықтау хатын жолдады.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС мұнай саласындағы алғашқы қазақстандық-түрік кәсіпорны болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында Түркия Республикасы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындаған әлемдегі тұңғыш мемлекет ретінде маңызды орын алады.