19:20, 05 Маусым 2014 | GMT +5
Мемлекет басшысы Король Хуан Карлос І-дің тақтан бас тарту жөніндегі шешімін батыл қадам деп атап өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Испания Королі Хуан Карлос І-нің тағынан түсуіне байланысты жеделхат
жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Мемлекет басшысы Король Хуан Карлос І тақтан бас тарту жөніндегі батыл шешімін атай отырып, оның ізбасарына жан-жақты қолдау көрсетуге әзірлігін жеткізді.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев Король Хуан Карлос І тақта отырған жылдары елдеріміз арасында қалыптасқан тығыз қарым-қатынас пен стратегиялық әріптестік рухы одан әрі жалғаса беретініне сенім білдірген.
Соңында Қазақстан Президенті Хуан Карлос І-ге мықты денсаулық, мол табыс, ал Испания халқына бақ-береке мен молшылық тіледі.