20:07, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Мемлекет басшысы Қоршаған ортаны қорғау министрін қабылдады
АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовты қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметінес сілтеме жасап.Н.Ысқақов Президентке министрліктің 2008 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары мен ағымдағы жылға арналған жоспарлары туралы баяндады. Ол сондай-ақ 2009-2010 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы салалық бағдарлама әзірленгенін хабарлады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру жер қойнауын пайдаланушылардың экологиялық іс-шараларды атқаруынан ел экономикасына шамамен 2 миллиард доллар қаржының түсуін қамтамасыз етеді.