18:41, 05 Мамыр 2009 | GMT +5
Мемлекет басшысы ҚР Бас прокурорын қабылдады
АСТАНА. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәмиді қабылдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қ.Мәми азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сонымен қатар заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекет мүдделерін, соның ішінде дағдарысқа қарсы шараларға бөлініп жатқан қаражаттардың қолданылу заңдылығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Прокуратура қызметінің ерекше назары әлеуметтік-экономикалық саладағы қадағалауды күшейтуге бағытталды.Сондай-ақ Бас прокурор Құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесін нығайту бойынша қолданылып жатқан шаралар жөнінде хабардар етті. Сыбайлас жемқорлық фактілерін дер кезінде анықтау және сапалы тергеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша штаб құрылып отыр.