Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне Қазақстан аумағында жол апатынан қаза тапқан азаматтарға байланысты көңіл айтты

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат -  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға тұңғыш ресми сапармен келген Қырғызстан Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа Қазақстан аумағында жол апатынан қаза тапқан қырғызстандық азаматтар үшін көңіл айтты.
None
None

«Жақында біздің территориямызда қиын жағдай орын алып, Қырғызстанның азаматтары жол апатынан мерт болды. Туған-туыстарына, сіздерге де көңіл айтамын»,-деді ҚР Президенті.

Естеріңізге сала кетейік, 8 мамыр күні сағат 01.15-те Қарағанды облысының Шет ауданында «Алматы - Екатеринбор» тас жолының 743 шақырымында «КамАЗ» бен «Ssang Yong» маркалы шағын автобус соқтығысқан болатын.

Жол-көлік апатының салдарынан шағын автобустың 14 жолаушысы мен жүргізушісі - Қырғызстанның азаматтары оқиға орнында көз жұмды. Шағын автобустың тағы да екі жолаушысы мен «КамАЗ» жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен Балқаш қаласының ауруханасына жеткізілді.

Қырғызстанның азаматтары шағын автобуста Қазақстанның аумағынан Ресейге аттанып бара жатқан.

Соңғы жаңалықтар