Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н. Назарбаев партияның XIV съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды

АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылдың 25 қарашасында елордада «Нұр Отан» партиясының XIV съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада журналистермен болған баспасөз мәслихатында «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, съезд барысында партияның сайлауалды платформасына қатысты мәселелер талқыланып, партия атынан Мәжіліс сайлауына түсетін азаматтардың аты-жөндерін бекітеді. «Қазіргі таңда «Нұр Отан» партиясының барлық құрылымдық бөлімшелері мен филиалдары осы уақыттың өзінде белсенді жұмыс бастады. Олар тек съезд жұмысына ғана емес, Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауына да тыңғылықты әзірленуде. Алдағы уақытта партияның барлық территориялық құрылымдары өкілдерінің қатысуымен партияның аймақтық филиалдарының саяси кеңестерінің кеңейтілген мәжілістер өтеді»,- деді Н.Нығматулин.

Соңғы жаңалықтар