14:38, 09 Қараша 2011 | GMT +5
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады
ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады,
деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.
И. Тасмағамбетов Президентті елорданың 2011 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, алдағы уақытта қаладағы жаңа нысандарды пайдалануға беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге даярлық барысы туралы хабардар етті.
Астана әкімі Мемлекет басшысына елорданың жылу маусымына толық дайындығы туралы баяндады.