Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана күніне арналған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысты

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты қабылдауға жиналғандар алдында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Астана он бір жыл бойы Қазақстан Тәуелсіздігінің туын лайықты көтеріп келе жатқанын атап өтті.
- Мен бүгінгі қабылдауда қиындықтардан қорықпай, менің астананы ауыстыру туралы шешімімді қолдағандарды көргеніме қуаныштымын. Сіздер Астананы қалыптастыру бастауында тұрдыңыздар және осы қаланы дамытуға қомақты үлес қосуды жалғастырып келесіздер, - деді Мемлекет басшысы.
Осы қысқа ғана уақыт аралығында Астана таңғаларлық секіріс жасай алды. Ол бүкіл Орталық Азияның інжу-маржанына айналды, күллі Еуразияның қуатты коммуникациялық орталығы бола бастады.
Салтанатты қабылдауда шетелдік қонақтардың, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдерінің атына ерекше алғыс айтылды.
Қазақстан Президенті барлық қатысушыларды Астана күнімен құттықтап, денсаулық, бақыт және игіліктер тіледі.