17:44, 31 Мамыр 2010 | GMT +5
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Эни» концернінің бас атқарушы директоры Паоло Скарониді қабылдады
СТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Эни» концернінің бас атқарушы директоры Паоло Скарониді қабылдады.
П.Скарони Президентке концерннің ағымдағы қызметі мен Қазақстандағы жұмыс жоспарлары туралы хабардар етті.
Әңгімелесу барысында «Эни» Қазақстанның мұнайгаз саласындағы ірі инвесторлардың бірі болып табылатыны атап өтілді.
- Біз Қарашығанық және Қашаған жобаларына қатысты кейбір жұмыс тәсілдерін, сондай-ақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Италия Премьер-Министрі Сильвио Берлусконидің қатысуымен 2009 жылғы қарашада Римде қол қойылған Өзара түсіністік туралы меморандумның барлық позициясын талқыладық. Бұл құжат «Эни» мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық үшін, бәрінен бұрын, газ, мұнай өңдеу, мұнайгаз саласының өзге салаларындағы жобаларға жаңа көкжиектер ашады, - деді П.Скарони журналистерге арналған брифингте.