Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрді және Қаржылық қадағалау агенттігі мен бірқатар банктердің басшылығын қабылдады

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті және Қаржылық қадағалау агенттігі мен бірқатар банктердің басшылығын қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметінес сілтеме жасап.Кездесуде Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын жүзеге асыру барысы әңгіме болды.- Бүгін мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз ету үшін бөлініп отырған қаражаттың мақсатты, заңды және тиімді пайдаланылуына мониторинг жүргізу мен бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыс тобын құру туралы тиісті өкімге қол қойдым. Топты Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы Елена Бахмутова басқарады, оның құрамына құқық қорғау органдарының басшылары кіреді. Қаржыны пайдалану халық үшін ашық әрі айқын болуы тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында.
Соңғы жаңалықтар