11:24, 25 Маусым 2010 | GMT +5
Мемлекет басшысы Павлодар қаласындағы №29 балабақшаны көрді
;ПАВЛОДАР. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Павлодар қаласындағы №29 балабақшада болды.

Павлодар облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, балабақша «Қазақстан аллюминийі» акционерлік қоғамы және мемлекет пен жеке серіктестік негізінде салынған. Балабақшада балалардың шығармашылық қабілеттері мен жеке дамуына және оларды сауықтыруға қажетті барлық жағдайлар жасалған. Спорттық, музыкалық залдар, медицина, психолог, логопед, қазақ тілі, ағылшын тілі кабинеттері заман талаптарына сай жабдықталған. Балабақшада 70-тен астам адам жұмыс істейді.