Мемлекет басшысы Павлодар облысындағы көп жасаған қарияның отбасымен телекөпір арқылы тікелей байланысқа шықты

ПАВЛОДАР. 18 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысы Шарбақты ауданына қарасты шалғайдағы Чигиринов ауылында тұратын 106 жастағы Хафиза Темешеваның отбасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа көрсетіп жатқан қамқорлығы үшін бүгін өткен «тікелей телекөпір» барысында өз алғысын білдірді, бұл елді мекен сандық телетаратылым енгізілген республикадағы ауылдардың алғашқысы болып отыр.
None
None

Көп жасаған қарияның ұлы Азамат анасына қазіргі заманғы теледидар сатып берген. Әжейдің шөбересі Нарғыз сапалы көрсетілімнің іске қосылғанына қуынышты екенін жеткізді, ол Нұрсұлтан Әбішұлына «Айгөлек» және «Балапан» бағдарламаларын сүйіп тамашалайтынын айтты.

«Шалғайдағы ауылдар үшін сандық телетаратылымның іске қосылуы - маңызды оқиға. Енді сіздер еліміздің өмірі жайлы толық ақпарат алып, уақыт көшімен бірге жүруге мүмкіндік алдыңыздар», - деп атап өтті Елбасы. Темешевтер отбасымен әңгімелесу барысында Елбасы барша отбасы мүшелеріне денсаулық, жақсылық пен сәттілік тіледі. Президент облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевқа жобаны жақсы жүзеге асырғаны үшін алғысын білдіріп, облыс әкімінің жұмысын басқа өңірлердің басшылары алдында үлгі етіп қойды.

Тікелей көпір барысында облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысын сандық телетаралытымның іске қосылуы арқасында алыстағы ауыл тұрғындары отандық телеарналарды көру мүмкіндігіне ие болатындығы туралы хабардар етті, сонымен қатар ауыл халқының атынан республика бойынша сапалы отандық телетаратылымды алғаш болып осы аймақта жүзеге асырғаны үшін Елбасына алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар