Мемлекет басшысы Премьер-Министрге шағын және орта бизнесті тексеруге қатысты мораторийді ұзарту туралы тапсырма берді

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Премьер-Министрге шағын және орта бизнесті тексеруге қатысты мораторийді биылғы жылы да енгізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Биылғы жылы жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Бұл бойынша шикізаттық емес секторларға арналған салық және шағын және орта бизнеске бірқатар жеңілдіктер қарастырылды. Менің алдыма былтырғы жылы жарияланған мораторийді жалғастыра түсу туралы мәселе қойылып отыр. Бірақ, біздің шағын және орта бизнесте де бірқатар ескертпелеріміз бар. Өйткені өткен жылы мораторийді пайдаланып бірқатар кәсіпкерлер салық төлеуді тоқтатты. Ал біздің көптеген резервтер шағын және орта бизнес салықтарынан тұрады. Сондықтан да алға мұндай мәселе қойылған соң мен Премьер-Министрге егер бизнес қауымдастығы өз салықтарын толық төлеуге уәде берсе, мораторийді биылғы жылы да ұзарту туралы тапсырма беремін. Ал төленбеген салық тексеріле келе бәрібір анықталады», деді Н. Назарбаев.
Соңғы жаңалықтар