18:39, 17 Ақпан 2009 | GMT +5
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасын қабылдады
АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевты қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Есеп комитетінің төрағасы Президентке комитеттің өткен жылдың төртінші тоқсанында жүргізген бақылау шараларының нәтижелері туралы баяндады.Кездесу барысында, сондай-ақ республикалық бюджеттің орындалуы және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері қаралды.- Мен Президентке мақсатты трансферт түрінде өңірлерге бағытталған бюджет қаржысының тиімсіз пайдалану фактілері жөнінде, сондай-ақ Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы бойынша Есеп комитеті қабылдаған шаралар туралы баяндадым, - деді О.Өксікбаев журналистерге арналған брифингте.