Мемлекет басшысы Сардобадағы жағдай туралы: Ең бастысы – адам шығыны болған жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Мырзакент ауылындағы жаңа ықшамауданның құрылысымен танысып, тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Президент Сардоба су қоймасындағы апаттан зардап шеккен тұрғындармен де кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев апат аймағына еліміздің әр түкпірінен мамандардың келіп жұмыс істегенін айтты.

«Жұмыс нәтижесі жақсы. Құрылыс аумағын қарап шықтық. Ең басты айта кетерлігі, адам шығыны болған жоқ. Қалған мәселелерді қолымыздан келгенінше шешеміз. Ешқандай да тосқауыл болмайды. Осы мүмкіндікті пайдаланып құтқарушыларға, дәрігерлерге ризашылығымды білдіргім келеді. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын», - деді Мемлекет басшысы тұрғындармен кездесуде.


Айта кетейік, Мемлекет басшысы бүгін жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды.

Жұмыс сапары барысында ҚР Президенті Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін аралап, күмбездің тарихи келбетін сақтай отырып жүргізілген жаңарту жұмыстарының нәтижелерімен танысты.


Соңғы жаңалықтар