Мемлекет басшысы: Сауда мен саясатты сапырылыстырған санкциялық саясат - ДСҰ ұстанымдарына кедергі

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - Сауда мен саясатты сапырылыстырған санкциялық саясат - ДСҰ ұстанымдарына кедергі. Бұл туралы бүгін Дүниежүзілік сауда ұйымы бас кеңесінің отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Біздің келесі қадамымыз Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен белсенді қарым-қатынасты жолға қою болмақ. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамудың стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру мақсаты барынша дамыған отыз елдің қатарына қосылу. Бұл Экономикалық ынтымақтастық ұйымы. Бірінші кезекте, Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастық жөніндегі елдің бағдарламасы. Оны жүзеге асыру ағымдағы жылы басталды. Бұл бағыттағы Қазақстанның ұмтылысына сіздердің елдеріңіздің қолдау білдіретіндігіне сенім артамыз. Құрметті ханымдар мен мырзалар! Қазақстан таяу аралықта ДСҰ нормаларымен жұмыс істей бастайтын болады. Бұған қоса, біз ұзақ уақыттан бері өзіміздің экономикалық саяатымызды ДСҰ рухында қалыптастырып келеміз. Өңірлік интеграцияның локомотиві бола отырып, кедергілерді жоюдамыз, ашық ынтымақтастық ұстанымын ілгерілетудеміз», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы өз сөзінде ДСҰ ұстанымдары бұл оның басты ұстанымдарының толық орындалуы, Ұйым мүшелері арасындағы алауыздықсыз сауда- саттық жүргізу екендігін баса айтты.

«Сауданы саясатпен араластыратын санкциялық саясат сауда мен ДСҰ ұстанымдарына кедергі келтіреді. Меніңше, біздің ортақ міндетіміз мұндай жайттың орын алмауы және ДСҰ ұстанымдарын барлық елдердің орындауы», -деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар