17:53, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Мемлекет басшысы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды пайдалану үлесін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған заңға қол қойды
sp;АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің және мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды пайдалану үлесін арттыруды қамтамасыз ететін шараларды анықтауға бағытталған

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақстандық қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.