Мемлекет басшысы төрт солтүстік облыстың әкімдерін қабылдады

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қ.Қожамжаров Қазақстан Президентіне аймақтың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және Бурабай туристік-курорттық аймағын дамыту туралы баяндады.
С.Біләлов Қазақстан Президентіне Солтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы және егін жинау науқанына әзірліктің барысы жөнінде баяндады.
Е.Арын Қазақстан Президентіне Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы және қыркүйек айында Павлодарда өтуі жоспарланған Ресей мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастығы форумына әзірліктің барысы туралы баяндады.
Н.Сәдуақасов Қазақстан Президентіне Қостанай облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері және құрғақшылық кезінде зардап шеккен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне көмек туралы баяндады.
Кездесудің қорытындылары бойынша Нұрсұлтан Назарбаев нақты тапсырмалар берді.