00:07, 12 Қазан 2012 | GMT +5
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне «Алтын Қыран» орденін тапсырды
АСТАНА-АНКАРА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Түрік Республикасының Президенті Абдолла Гүлдің атынан ресми қабылдау жасалды.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Түрік Республикасының басшысы А.Гүлге қазақстандық «Алтын Қыран» орденін тапсырды, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.