Мемлекет басшысы Үкіметке Атырау облысындағы газ-химия кешенінің құрылысына күш жұмылдыруды тапсырды

АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке Атырау облысындағы ықпалдастырылған газ-химия кешені құрылысына күш жұмылдыруды тапсырды.
None
None
Президент бұл тапсырманы бүгін Астанада өткен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Осы орайда Елбасы келесі жылы хлор, күкірт қышқылы, азоттық, фосфорлық, калийлік минералды тыңайтқыштарды, каустикалық соданы, синтетикалық құралдарды өндіруді ұйымдастыру жөніндегі жобаларды жүзеге асырудың белсенді кезеңіне өту қажеттігін атап көрсетті. «Бұларға ел экономикасы қатты мұқтаж», - деді Елбасы. Президенттің айтуынша, химия саласында бүгінгі таңда жалпы сомасы 1 триллион теңге болатын 18 жоба жүзеге асырылды.
Соңғы жаңалықтар