Мемлекет басшысы Үкіметке азық-түлік, жанар-жағармай және құрылыс материалдары бағасының өсуіне жол бермеуді тапсырды

None
None
денің 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Ақордада бірінші жартыжылдықтағы экономикалық-әлеуметтік даму жағдайы мен дағдарысты еңсеру мәселесіне арналған кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке елімізде бағаның өсуіне жол бермеу мәселесін айрықша бақылауда ұстауды тапсырды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бағаның өсуі еліміздегі әлеуметтік жағдайға кері әсер етуі мүмкін екенін ескерткен Елбасы: «атап айтқанда, бірінші кезекте мәселенің мән-жайы азық-түліктің негізгі түрлеріне, жанар-жағармай және құрылыс материалдарына байланысты болып отыр», деді.

Қиын кезеңде мемлекет құрылыс саласының  жандануына тиісті қаражат бөлгенін, осы орайда алыпсатарлыққа жол берілмеуі тиіс екеніне тоқталған Президент, «мемлекет   тарабынан қаржы бөлініп, құрылысты жандандырғанымызды пайдаланып, цемент бағасы лезде көтеріле бастады, сондай-ақ құрылыс материалдары құнының да жоғарылауы байқалды», деді.

Осы орайда Елбасы мемлекет қаржыны құрылысқа бағыттап отырғандығын, сондықтан да цемент пен құрылыс материалдарын өндірушілер  өнімдерінің қазіргі өтімділігін қанағат тұтып, бағаны бір деңгейде ұстаулары тиіс екендіктерін қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар