17:24, 24 Сәуір 2013 | GMT +5
Мемлекет басшысы: Ұлт бірлігін нығайтуда зиялы қауым қызметі ерекше маңызға ие
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Ұлт бірлігін нығайтуда зиялы қауым қызметі ерекше маңызға ие. Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатқан «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты күнтәртібіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық 20-шы сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Ұлттық бірлігін нығайту үшін интеллигенция қызметі ерекше маңызға ие. Дәл осы интеллигенция қоғамды тұтастырудағы рухани процеске басшылық жасай алады»,-деді Елбасы.
Бұл ретте Астана аталған жұмыстардың орталығы бола алатындығын баса айтқан Мемлекет басшысы: «Сондықтанда , біз Астанада әлемдік деңгейдегі опера және балет театры «Астана операны» салдық, Қазақстан тарихының жаңа мұражайын салудамыз»,-деді.