17:26, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
Мемлекет басшысы «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңға қол қойды
АСТАНА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заң ұлттық әл ауқатын қорының құқықтық жағдайын, қызмет тәртібін, мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттігін белгілеуге, сондай-ақ акциялары (қатысу үлесі) Қорға жататын заңды тұлғалардың және оның тобына кіретін басқа да ұйымдардың құқықтық жағдайының кейбір ерекшеліктерін орнатуға бағытталған. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.