Мемлекет басшысы USAID халықаралық даму агенттігінің әкімшісімен кездесті

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың USAID халықаралық даму агенттігінің әкімшісі Саманта Пауэрмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде даму саласындағы түрлі жобаларды жүзеге асыруға баса мән беріліп, Қазақстан мен Америка арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды. Сапар барысында бірқатар кездесу өткізді. Атап айтқанда, жаһандық қаржы институттарының жетекшілерімен, Grupo Los Grobo компаниясының төрағасы Густаво Гробокопательмен және Халықаралық даму орталығы өсім зертханасының директоры, Гарвард университетінің профессоры Рикардо Хаусманмен, JPMorgan Chase & Co. компаниясының төрағасы – бас атқарушы директоры Джейми Даймонмен, Eurasia Group компаниясының президенті Ян Бреммермен, S&P Global қаржылық-талдау компаниясының вице-президенті Дэниэл Ергинмен, Австралияның бұрынғы премьер-министрі Кевин Раддпен, сондай-ақ шетелде тұратын әрі әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істеп жатқан 400 қазақстандықты біріктіретін Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен, ЕРАМ systems компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Аркадий Добкинмен, Coursera компаниясының бас директоры Джефф Маджионкалмен, Microsoft компаниясының Орталық Азия және Шығыс Еуропа бойынша бас менеджері Мишель Симмонспен, Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы әрі атқарушы директоры Клаус Швабпен кездесті.
Соңғы жаңалықтар