Мемлекет басшысы VII халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қатысушыларына құттықтау жолдады

МАТЫ. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Қазақстанда кинофестивальдің еуразиялық киноөндірісін сақтау және дамыту, бейбітшілік, келісім және толеранттық негізінде оның алуан түрлілігін байыту идеялары кеңінен танымал,
None
None

делінген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кеше Алматыда ашылған VII халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне қатысушыларға жолдаған құттықтауында. Оны ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед оқып берді.

Фестиваль 25 елден 130-дан астам қонақтарды жинады, ал оның конкурстық бағдарамасына 12 картина қатысады. Фестивальдің ұйымдастыру комитетінің төрағасы, «Қазақфильм» АҚ президенті Ермек Аманшаевтың айтуынша, «Еуразия» жыл асқан сайын ауқымды бола түсуде. «Ол елеулі, әріптестік және іскерлік алаңына айналуда. Биылғы жылы құрметті қонақтардан басқа оған ірі - Канн Берлин, Венеция халықаралық кинофестивальдарының бағдарламалық директорлары келді. Қазақстандық картиналар да көп ұзамай фестивальдің «А» санатындағы негізгі конкустық бағдарламасына қосылады деп сенеміз», - деді ол.

Фестивальдің құрметті қонағы, атақты голливудтық режисер Чак Рассельдің пікірінше, әлемдік кинематограф кино тілі - халықаралық тілге айналған жаңа кезеңге кірді. «Бұл тіл әлемнің кез келген нүктесінде жүректерге жол табады», - деп атап көрсетті АҚШ-тан келген қонақ.

Қазылар алқасының төрағасы белгілі корей режиссері Ким Ки Дук көптеген кинофестивальдарда болғанын, алайда Қазақстанға алғашқы рет қадам басып отырғанын айтты.

Салтанатты ашылудан кейін Егор Михалков-Кончаловскийдің «А»-ға оралу» фильмі көрсетілді.

Бүгін атақты киносыншылар, режиссерлер фестивальға қатысатын картиналарды көруді және бағалауды бастайды.

Соңғы жаңалықтар