18:53, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Мемлекет басшысы «Wolfensohn & C» қорының президенті Джеймс Вулфенсонды қабылдады
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Wolfensohn & C» қорының президенті Джеймс Вулфенсонды қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында жаһандық экономиканы дамытудың перспективалық бағыттары бойынша пікір алысылды.- Біздің әңгімеміз әлемдік экономикадағы қаржы ағынының шектелуімен байланысты пайда болған жағдайдың төңірегінде өрбіді, - деді Джеймс Вулфенсон журналистерге арналған брифингіде.