18:10, 06 Қыркүйек 2013 | GMT +6
Мемлекет басшысы және Франция Президенті G20 саммиті аясында екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында мемлекеттер басшыларымен және делегациялар жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызпеті хабарлады.
Франция Президенті Франсуа Олландпен бірге Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.