Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барады

ҚАРАҒАНДЫ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейсенбі, шілденің 1-і күні Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келуі күтілуде, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Мемлекет басшысының Теміртау және Қарағанды қалаларына екі күндік жұмыс сапары жоспарланып отыр.

Бағдарлама бойынша Елбасы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралайды.

Бүгінгі күннің екінші жартысында Қарағандыға келетін Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақмыс» корпорациясының филиалы - құйма-машина құрылысы зауыты негізінде құрылған карьерлік техниканы, арнайы техниканы, сондай-ақ жүкті өздігінен түсіретін машиналардың бөлшектерін күрделі жөндеуден өткізетін қазақстан-беларус «ҚазБелАЗ» ЖШС бірлескен кәсіпорнында болады, делінген баспасөз орталығының ақпаратында.

Ал жұма, шілденің 2-сі күні Мемлекет басшысының жұмыс сапары Теміртау қаласында жалғасады, онда Елбасы Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналған салтанатты шараға қатысады. Нұрсұлтан Назарбаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы металлургия комбинатының мерейтойлық балқытуына қатысып, салтанатты шара барысында металлургтерді атаулы күнмен құттықтайды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз орталығы.

Соңғы жаңалықтар