Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Павлодар облысына барады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодарға жұмыс сапарымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барады.

Мемлекет басшысы «B.B.NURA» нефрология және эфференттік терапия орталығына барады деп күтілуде.

Бұл - бүйрек жетіспеушілігімен зардап шегетін науқастарға толықтай нефрологиялық көмек көрсетуге маманданған 25 аппараты бар ірі диализдік орталық.

Медициналық орталық «ABM Investment Group» басқарушы компаниясы» ЖШС-мен мемлекеттік-жеке әріптестік аясында салынды. Оның негізгі әріптесі «B.Braun Avitum AG» компаниясы (Германия) болып табылады.

Жоба құны 330 млн теңгеден астамды құрайды.

Ел президентін «УПНК-ПВ» ЖШС-да да күтуде. Бұл күйдірілген кокс шығаратын кәсіпорын Индустриялдандыру картасы аясында 2015 жылғы желтоқсанда іске қосылған. Жоба бойынша жалпы инвестиция құны 23 млрд теңге. Жұмыс орны 309 адамға арналған. Кәсіпорынның әлеуетті тұтынушысы «Қазақстан электролиздік зауыты» АҚ болып табылады. Жергілікті күйдірілген кокс ҚХР-дан әкелінетін импортты 100 пайыз алмастыра алады. Келешекте өнім бөлігі РФ, Қытайға экспортталады.

Соңғы жаңалықтар
telegram