07:21, 27 Наурыз 2013 | GMT +5
Мемлекет басшысына Алматы мен оңтүстік өңірлерді дамыту туралы баяндамалар ұсынылады
АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республикамыздың оңтүстік өңірлерін дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізеді.

Бұл туралы брифингіде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
Кеңес барысында Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласы мен Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдерінің баяндамаларын тыңдайтын болады.