Мемлекет басшысына «KEGOC» компаниясы қызметінің қорытындылары туралы есеп ұсынылды
деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Елбасына компанияның ағымдағы жылғы жеті айы қызметінің қорытындылары, оны одан әрі дамыту жоспарлары, сондай-ақ Қазақстанның электр энергиясы саласындағы перспективалы инвестициялық жобалары туралы есеп ұсынылды.
Қ.Бозымбаев сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық жоба - «Солтүстік-Қазақстанның оңтүстігі» 500 киловаттық жоғары кернеулі аймақаралық электр тарату желісінің құрылысы аяқталғанын хабардар етті.
2009 жылғы тамыздың 21-інде желі тестілік режімде жұмысқа қосылды. Сөйтіп, компания Қазақстан халқына Жолдауында айтылған серпінді жобаларды жүзеге асыру жөніндегі Президент тапсырмасын орындап шықты. «Солтүстік-Оңтүстік» электр тарату желісі елдің орталық және оңтүстік аймақтарына электр энергиясын жеткізудің екі есе өсуін қамтамасыз етеді.
«KEGOC» АҚ басшысы желіні салтанатты іске қосу ағымдағы жылғы қыркүйек айында Екібастұздағы «Екібастұз 1150» кіші стансысында жүзеге асыру көзделіп отырғанын хабарлады. Айта кетер жайт, бұдан 30 жыл бұрын осы кіші стансының құрылысы басталу салтанатына Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысқан болатын.