Мемлекет басшысының атына АҚШ Президентінен Тәуелсіздік күнімен құттықтау келіп түсті

деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Өз құттықтау хатында АҚШ Президенті: «Соңғы он сегіз жылдың ішінде Сіздің еліңіз егеменді, тұрақты және өркендеген мемлекет ретінде өзінің дамуында маңызды табыстарға жетті. Мен Қазақстанға Ауғанстандағы тұрақтылық пен қалпына келтіру ісіндегі ұстанымы үшін ризашылығымды білдіремін және мен Сіздің ұлатаралық және діни төзімділікті алға жылжыту жөніндегі күш-жігеріңізді бағалаймын. Қазақстан көшбасшысы ядролық қаруды таратуды болдырмауда ең жоғары бағаға лайықты. Құрама Штаттар Қазақстан Орталық Азияда тағы да айтарлықтай және өңірде кең көлемдегі рөлге ие болуы үшін, біздің бейбіт және болашақты өркендетудегі ортақ мүдделерімізді алға апаруда Сізбен және Қазақстан халқымен жұмыс істеу мүмкіндігін үлкен ниетпен күтеді», деп атап өткен.