Мемлекет басшысының атына Алғыс айту күніне орай тұрғындар хаттары әлі де келіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың атына Алғыс айту күні аясында ел тұрғындарынан ризашылық хаттары әлі де келіп түсуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми тelegram-каналына сілтеме жасап.
None
None

Солардың бірі Нұр-Сұлтан қаласынан 2-сынып оқушысы Дильназ Бимановадан келді. Ол өз хатында білім алып, тіл үйрену үшін Қазақстанда шет елдердегідей үлгідегі мектептердің салынуына ықпал еткені үшін алғыс айтқан.

Айта кеткен жөн, 1 наурызда Мемлекет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтаған болатын.


Соңғы жаңалықтар