Мемлекет басшысының атына ТүркПА бас хатшысынан Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына үнқосу-хаты келіп түсті

АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ТүркПА бас хатшысы Рамиль Гасановтан Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына үнқосу-хаты келіп түсті. Бұл туралы бүгін «Казахстанская правда» газеті жазды.
None
None

«Бұл жолғы Жолдау елдің болашақ әлеуетін белгілеп беретін маңызды бағдарламалық құжаттар қатарында тұр. Ол өте күрделі жаһандық және елішілік мәселелерге нақты жауап бере алады», - делінген хатта. 

«Мені Қазақстанның халықаралық қызметіне арналған бөлімі өте қызықтырады. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен көтерілген көптеген идеялармен қатар, түркі әлемінің интеграциясы туралы ойлары да көңілге өте қонымды. Мәселен, Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен түркітілді елдердің Парламенттік ассамблеясы құрылып, ойдағыдай дамып келеді. Интеграциялық үдерістер желісінде Түркітілдес елдердің әріптестік кеңесі, ТҮРКСОЙ сияқты құрылымдар жұмыс жасап, Түркі академиясы жасақталды. Бәрімізге белгілі, 2012 жылы Астана түркі әлемі мен ТМД мәдениетінің астанасы болып жарияланды. Осы жерде айта кететін жайт, 2011 жылдың сәуірінде ҚР Елордасында ТүркПА-ның екінші пленарлық отырысы өткізіліп, ассамблея төрағалығы Қазақстан жағына берілген болатын», - деп жазады Р. Гасанов. 

«Қазақстан әлеуметтік-экономикалық модернизацияның барлық бағыттары бойынша құрған жоспарын ойдағыдай орындап, халықтың әл-ауқатын көтеру арқылы экономикасын тіктеп, қоғамын тұрақтандыратынына еш күмәніміз жоқ», - деп түйіндейді хат авторы.

Соңғы жаңалықтар