Мемлекет басшысының Брюссельге жасайтын алдағы сапары Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынасқа ерекше серпін бермек

БРЮССЕЛЬ. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы қазанда Брюссельге жасайтын сапары Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынасқа ерекше серпін бермек.
None
None

Маусымның 18-і, жұма күні Брюссельде өткен «Қазақстан-Еуропалық одақ» Ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысының қорытындалары бойынша ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигалов қазақстандық журналистерге осылай мәлім етті.

Оның айтуынша, Еуроодаққа қатысты, мысалға, Еуропалық инвестициялық банкпен ынтымақтастық туралы келісімге қол қою сияқты соңғы кездегі алға жылжулар алдағы сапардың салмағын арттыра түсуге ықпал ететін оңды оқиғалар ҚР Сыртқы істер министрлігінің тиісті жағдайлар бойынша жан-жақты дайындық жүргізуіне негіз қалады. «Мен бұл сапардың Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы қарым-қатынасқа ерекше серпін беретініне үміттенемін», - деп атап өтті ол.

К.Жигалов өз сөзінде атап өткендей, соңғы 1,5 жылдың өзінде еуропалық жетекші мемлекеттер Франция, Италия және Испания елдерімен стратегиялық әріптестік туралы келісімдер мен келісмшарттарға қол қойылған.

Соңғы жаңалықтар