Мемлекет басшысының қашықтан оқуға қатысты тапсырмалары орындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының қашықтан оқуға қатысты бірқатар тапсырмасы орындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Мемлекет басшысы «Қашықтан оқу жүйесіне көшкен кездегі ең маңызды құралдың бірі - электронды оқулықтар болмақ. Білім және ғылым министрлігі оқулықтарды ведомствоның ақысыз құқықтарын бекітіп бере отырып, оларды кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіру жоспарын әзірлеуге тиіс» деген болатын. Отандық баспалар мен оқулықтардың электронды нұсқаларын ақысыз пайдалану мәселесі келісілді», - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасына.

Оның айтуынша, 1-11 сыныптарға арналған барлық электронды оқулықтар Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланды.

«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде колдедждердің 100%-ы отыздан астам платформаға қол жеткізе алады. 21 000-нан астам цифрлық ресурстарды қамтитын каталог құрылды. 12 368 бейнесабақ, 3 848 электронды оқулық, 5 771 қосымша материал, 30 368 ұстаз ІТ құзіреті бойынша біліктілігін арттырды. Қашықтан оқу платформаларя мен бағдарламаларын пайдалана отырып 20-дан астам нұсқаулық әзірленді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар