Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін «Нұр Отан» ХДП-ның XV съезінде партияның жаңа саяси Доктринасы қабылданады

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Президентінің төрағалығымен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық және өткізу мәселелері жөнінде кеңес өтеді.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеңесте Мемлекет басшысына іс-шараларды өткізуге дайындық барысы туралы есеп ұсынылатын болады.

17 қазанда Мемлекет басшысының қатысуымен «А» басқарушы корпусы мемлекеттік қызметшілермен кеңес өтеді.

Іс-шарада «А» басқарушы корпусына өткізілген іріктеу қорытындысы шығарылып, меритократия, ашықтық және қоғамға есептілік қағидаттары бойынша мемлекеттік қызметті одан әрі жаңғырту жөнінде тапсырма беріледі.

18 қазанда Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс XV съезі өтеді.

Съезд барысында партияның жаңа саяси Доктринасы талқыланып, қабылданады, сондай-ақ «Нұр Отанның» «Қазақстан - 2050» Стратегиясын іске асыру аясындағы бірінші кезектегі міндеттері қаралатын болады.

Соңғы жаңалықтар