Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы - алға жылжудың көрінісі - Владимир Божко

ПАВЛОДАР. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы - алға жылжудың көрінісі, онжылдық кезеңге арналған нақты жоспар.
None
None

Бұл жөнінде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Павлодар облысының активімен бүгін Достық үйінде болған кездесуде мәлімдеді. Кездесуге Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Министр саяси құжатта көрсетілген Қазақстанның дамуының негізгі бағыттары туралы айта келіп, алға қойылған міндеттердің нақтылы екендігіне тоқт алды. Ол Павлодардың экономикалық әлеуетін, өнеркәсіпте, аграрлық секторда жұмыс істейтін мамандарды жоғары бағалады. Өткен жылды облыс өнімдердің өсуімен аяқтады, қазынаға 103 миллиардтан астам салықтық қаражаттар түсті, негізгі капиталға салынатын инвестициялар ұлғайды.

Шағын және орта бизнесті дамыту жағдайлары туралы айта келіп, В.Божко министрлікте өз істерін құру үшін бизнесмендерге қажетті құжаттар тізбесінің айтарлықтай қысқартылғанын айтты. Бірақ бұлар қауіпсіздікке зиян келтірмейтіндей етіп жасалуда.

ҚР Төтенше жағдайлар министрі қатысушылардың сұрақтарына жауап қайтарды.

Бүгін В.Божко «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының кеңсесінде азаматтарды қабылдауды өткізді, Павлодардағы өнеркәсіп кәсіпорындарында болды.

Соңғы жаңалықтар