16:53, 04 Шілде 2009 | GMT +5
Мемлекет басшысының туған жерінде Патриоттардың жастар форумы өтті
ТАЛДЫҚОРҒАН. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған жері - Алматы облысының Қарасай ауданында кеше «Елім деп соққан жүрегім» деп аталатын жастар форумы өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл іс-шараның мақсаты - жастарға патриоттық тәрбие беру, олардың жоғары отансүйгіштік және азаматтық сезімдерін қалыптастыру, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру.
Жастар форумы Қапшағайда, Райымбек, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында өтті.