08:50, 13 Қараша 2013 | GMT +5
Мемлекет басшысының Жарлығымен ОАР-де Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылатын болды
АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің Оңтүстік Африка Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы Жарлығы шықты.

ҚазАқпарат Жарлықтың толық мәтінін ұсынады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Оңтүстік Африка Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы
Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасымен дипломатиялық қатынастарын нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Претория қаласында (Оңтүстік Африка Республикасы) Қазақстан Республикасының Елшілігі ашылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы 11 қараша. № 687