Мемлекет БТА банктің сыртқы міндеттемелерін өзіне алмайтын болады

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Мемлекет БТА банктің сыртқы міндеттемелерін өзіне алмайтын болады. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі «Мемлекеттік, мемлекеттік кепілдік берілген және квазимемлекеттік борышты басқару» атты тақырыпта өткен Үкімет сағатында Қаржы министрі Болат Жәмішев осылай мәлімдеді.
None
None

«Банктер бойынша жауапкершілікке, оның ішінде қазіргі таңда мемлекеттің қатысуындағы банктердегі (БТА, Темірбанк, Альянс банк) жағдайға келетін болсақ,  онда бұл банктерге қалай мемлекеттің акционер болғаны баршаға белгілі. Қазіргі таңда БТА банкте оның сыртқы борыш құрылымын қайта қарау үдерістері жүргізіліп жатыр.  Қайта құрылымын қарау барысында банктің борышы айтарлықтай төмендеді. Дегенмен, қазіргі жұмыстар арқылы мемлекет аталмыш банктің сыртқы міндеттемелерін тікелей өзіне алмайтын болады. Біз акционер ретінде банктің өзі міндеттемелерін орындай алатындай бағдарлама арқылы қайта құрылымдау шараларын жүргізетін боламыз», - дейді Б. Жәмішев.

Министрдің айтуынша, ұлттық компаниялардағы бизнес пен олардың инвестициялық саясаты заемдар тартуға негізделуі тиіс. Өйткені, капиталды салымдар бюджеттік емес қаражат есебінен атқарылуы шарт.   «Бұл дұрыс саясат. Сондықтан да, ұлттық компаниялар арқылы сырттан қарыз алуға тыйым салуға қарсымын. Өйткені, қарыз алуды шектейтін болсақ, мемлекет онда сол компанияларды өзі дамытуға тиісті. Ал екінші вариант бойынша, бұндай компаниялар еш қамқорлықсыз қалып, инвестициялық жобалар дамымайтын болады», - дейді министр.

Соңғы жаңалықтар