Мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында қызмет етуден артық бақыт болған емес – Н. Назарбаев

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында қызмет етуден артық бақыт болған емес. Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
None
None

«Алдымызда атқарылар қыруар істер бар екені бүгінгі Жолдауымда толық баяндалды. Бұл жолда біздің ең басты құндылығымыз - берекелі бірлігіміз. Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін. Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар. Біз бүгінгі Жолдау арқылы мерейлі белестегі атқарған істерімізді қорытындылап, болашаққа бағдар жасадық»- , деген Мемлекет Басшысы жиынға қатысушыларға алғысын жеткізді.

«Баршаңызға ел игілігі мен мемлекет мүддесі жолындағы абыройлы істеріңізде мол табыс тілеймін. Мерекелі күндерге жеткізген берекелі тірлігіміз баянды болсын, ағайын!», - деді Елбасы.


Соңғы жаңалықтар