Мемлекет мұқтаждығы үшін сатып алынатын жерді бағалаудың жаңа тәртібі бекітіледі

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мемлекет мұқтаждығы үшін сатып алынатын жерді бағалаудың жаңа тәртібі бекітіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің қатысуымен өткен ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Өмірзақ Өзбеков айтты.
None
None

Агенттік төрағасының айтуынша, жерді бағалаудың жаңа тәртібі былтырғы жылдың желтоқсан айында Парламент қабылдаған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң аясында бекітіледі. «Жердің бірінші пайдаланушысынан мемлекеттік мұқтаждық үшін жерді сатып алу барысында жер бағасы иелердің жерді иеленуі барысында мемлекетке төлеген бағасынан артып кетпейтіндей бағада болуы керектігі ескеріледі. Сонымен қоса, мемлекет сатып алу барысында басымдыққа ие болады. Тек жеке тұрғын үй құрылысын салуға ұсынылған жер учаскелерін мемлекет меншігіне сатып алу барысында ғана ондай жер телімдері келісімшарт бағасы шеңберінде шешілетіндігі көзделеді. Оның өзінде де, жер құны нарықтық бағадан асып кетпеуі қадағаланады», - деді Ө. Өзбеков.

Оның айтуынша, жердің бастапқы иесі болып табылмайтын, азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша иеленген екінші пайдаланушысынан жер телімін сатып алу да келісімшарт бағасы бойынша жүзеге асады.

«Жерді сатып алудың жаңа тәртібі мемлекеттік мұқтаждық үшін жер учаскелерін сатып алу барысындағы мемлекеттік шығындарды айтарлықтай төмендетеді», - деді Ө. Өзбеков.

Соңғы жаңалықтар