Мемлекет пайдасына 294 млн. 900 мың теңге өндірілді

АҚТАУ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Мемлекет пайдасына 294 млн. 900 мың теңге өндірілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі, Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының Ақтау табиғат қорғау прокуратурасы, осы прокуратураға түскен ақпаратқа сәйкес, Жайық-Каспий экология Департаментінің облыстық филиалына табиғат қорғау заңнамасының қолданысына, яғни, мұнай өндіруші «Бозашы оперейтинг ЛТД»» Ақтау филиалы мекемесінің газ алауларында ілеспе газды жағу заңдылығына тексеру жүргізуге тапсырма берді.

Тексеру қорытындысы ҚР «Мұнай туралы» Заңы талаптарының сақталмай, аталған мекемеде үстіміздегі жылдың 1-ші қазаны мен 22-ші қараша аралығында арнайы уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз алауларда ілеспе газды заңсыз жаққандығы анықталды.

Жайық-Каспий экология Департаментінің облыстық филиалы мамандарының жүргізген есептеріне сай, осы уақыт аралығында лимиттен артық алауларда жандырылған ілеспе газ көлемі 9,67 млн. м3 болып шықты.

Ақтау табиғат қорғау прокуратурасы «Бозашы оперейтинг ЛТД» мекемесінің табиғи ортаға шамадан тыс ілеспе газды жағып, ластағыш заттарды шығаруына байланысты, Жайық-Каспий экология департаментіне қоршаған ортаға келтірілген залалды өндіріп, кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту арқылы заңбұзушылықты жою жөнінде ұсыныс енгізді.

Нәтижесінде, «Бозашы оперейтинг ЛТД» мекемесінен ілеспе газды заңсыз жағуына байланысты 175 700 000 теңге келтірілген залал өндірілді.

Сондай-ақ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 243-бабы бойынша аталған мекемеге 119 200 000 теңге айыппұл салынып, барлығы 294 900 000 теңге үстіміздегі жылдың 9-шы желтоқсанында мемлекет бюджетіне толығымен түсті.

Соңғы жаңалықтар