Мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұрасы, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады ? Мемлекет басшысы

АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - «Дағдарыс өтеді де кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұрасы, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады. Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Әлем жұртшылығы экономикалық қиындықтарды бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастады. Оның салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Өздеріңіз білесіздер, оқтын-оқтын қайталанып тұратын дағдарыстарға біз осыған дейін де тойтарыс бергенбіз. Тәуелсіздік беттерін парақтасақ, күйреген кеңес империясының орнына жаңа мемлекет құру бізге оңайға соққан жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру тақыр жерге тау тұрғызумен бірдей болғаны бәріңіздің есіңізде. Біз ел болып осы қиындықтарды да еңсердік», деді Президент. Сонымен қатар Елбасы осыған дейінгі дағдарыс тұсында да тәуелсіздігіміздің сынға түскендігін атап өтіп, «Дер кезінде қабылданған дұрыс шешім мен іс-қимылдың арқасында біз одан да аман өттік. Осылайша, сынды кезеңнен, күрделі күндерден лайықты тәжірибе жинап, шыңдала түстік», деді Н. Назарбаев.
Соңғы жаңалықтар