Мемлекетаралық іздеуде болған Армения азаматы Алматыда ұсталды

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Мемлекетаралық іздеуде болған Армения азаматы Алматы қаласында қолға түсті. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
None
None
«Алматы қалалық ІІД ұйымдасқан қылмысқа және есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қазақстан аумағында есірткі бизнесі қылмысымен айналысқан мемлекетаралық іздеудегі Армения Республикасының 51-жастағы азаматын ұстады», - деді ол. Н.Ораздың атап өтуінше, күдікті Алматы қаласының тергеу орнына қамалып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы жаңалықтар