Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  - Ақмола облысы аумағында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Полицейлердің дерегі бойынша, 2 қазанда «Іздеу» жедел алдын алу шарасы барысында Атбасар ауданындағы ауылдардың бірінде 41 жастағы ер адам ұсталды.

«Ер адамға Шешенстан Республикасының ІІМ ҚІБ (қылмыстық істер басқармасы) есірткі заттарын өндіріп, саудалағаны және жөнелткені үшін  ағымдағы жылдың сәуір айында мемлекетаралық іздеу жариялаған.

 Сонымен қатар, «Іздеу» жедел алдын алу шарасы барысында Астана қалалық ІІД қызметкерлері ұрлық және алаяқтығы үшін іздестіріп жүрген екі қылмыскерді қолға түсірді.

Жалпы, жыл басынан бері Ақмола облысы аумағында 74 қылмыскер ұсталса, із-түзсіз жоғалған 58 адамның жүргені жері анықталды», деп көрсетілген хабарламада.