15:24, 14 Қаңтар 2010 | GMT +5
Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссиясының мүшелері Сырдария ресурсын пайдалану лимитін талқылады
ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Бүгін Шымкентте Орталық Азияның Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылығы комиссияның мәжілісі өтеді,

деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Комиссияның құрамына аумақтары арқылы Сырдария өзені ағатын төрт мемлекеттің - Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің өкілдері кіреді. Мұндай кездесу жыл сайын өтеді. Олардың негізгі мақсаты - трансшекаралық өзендердің сулары пайдаланылуын үйлестіру.
Бүгінгі жұмыс кездесуінің барысында тараптар әрбір республика және жалпы аймақ үшін судың тұтыну лимитін бекітеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ, комиссия өзен бойында орналасқан су қоймаларының жұмыс режимдерінің кестелерін қабылдайды.
Ал ертең бірқатар құжаттарға қол қойылады.